21 маусымда, таңертеңгі сағат 8: 30-дан бастап, Махамбет ауданының Ақтоғай ауылдық округінде Жайық өзенінің бойында Атырау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының күшімен 1989 жылы туылған ер адамды іздестірді.
Белгілі болғандай, бұл «Казводхоз» РМК Атырау филиалының сорғы станциясының машинисті, ол бір күн бұрын, 20 маусымда, 19: 00-де арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен.
21 маусымда сағат 13: 50-де Атырау облысы ТЖД ЖҚЖ-ның 4 қызметкері, 1 техникасы, 1 жүзу құралы және аталған мекеменің 10 қызметкері мен 1 жүзу құралының көмегімен ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.
Сурет:дереккөз