Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді мемлекеттік орден-медальдармен марапаттады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды. Бәрік Уәли атап өткендей, медицина қызметкерлерінің бір тобын Қазақстан азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген үшін марапатталды. Бұған дейін Тоқаев Twitter-де парақшасында қазақстандық ақ халаттыларды жеке құттықтаған болатын. Ол оларды бүгінде елімізде атап өтілетін медицина қызметкері күнімен құттықтады. Тоқаев дәрігерлерге адал жұмыстары үшін алғыс айтып, оларға амандық және денсаулық тіледі. Сонымен қатар, ол дәрігерлерге көмек беру мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті.
"Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Дереккөз: Sputniknews.kz