ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен ақы алу жүйесі енгізілетін жолдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы мына учаскелер ақылы болады:
Орал – РФ шекарасы (Саратов);
Қапшағай – Талдықорған;
Тараз – Қайнар; Қызылорда– Шымкент – Тараз;
Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
РФ шекарасы (Орынбор) – Ақтөбе – Қызылорда;
Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Самара);
Павлодар – РФ Шекарасы (Омбы);
Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы (Троицк);
Ақтау – Бейнеу;
Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы;
Нұр-Сұлтан – Павлодар; Павлодар – Семей – Қалбатау.
2022 жылы мына жолдарға ақы алу жүйесі енгізіледі: Петропавл – РФ шекарсы (Қорған);
Теміртау – Қарағанды, Қарағанды айналма жолы; Щучье – Зеренді;
Таскескен – Бақты; Жетібай – Жаңаөзен. 2023 жылы ақылы болатын жолдар:
Күрті – Бурылбайтал;
Үшарал – Достық;
Қарабұтақ – Рудный – Қостанай;
Ұзынағаш – Отар. Ал 2024 жылы мына учаскелер ақылы болады:
Қарағанды – Балқаш;
Балқаш – Бурылбайтал;
Күрті – Қапшағай; Талдықорған – Өскемен;
Қалбатау – Майқапшағай;
Меркі – Бурылбайтал;
Атырау – Орал;
Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Доссор;
Атырау – РФ шекарасы (Астрахань);
Подстепное – Федеровка – РФ шекарасы.