Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен Қарақалпақстан азаматы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарында, 2019 жылы құқықбұзушы К. көлік құралын Атырау-Астрахань тас жолымен жүргізе отырып, метеорологиялық жағдайларды ескермей, басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытта келе жатырған Б-ның басқаруындағы көлігіне соқтығысып, нәтижесінде жәбірленушінің көлік құралы бүлініп, оған материалдық залал келтiрілген.
Құқық бұзушы К-ы өз кінәсін толық мойындап, жол тайғақтығына байланысты көлік құралын игере алмай қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығыс жасағанын көрсеткен. К. сот отырысына келмеген, келмеу себептерін хабарламаған және істі кейінге қалдыруды да сұрамаған. Сол себепті ӘҚБтК-нің 829-10-бабының 1-бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес, іс К-ның қатысуынсыз қаралды.
Сотқа жәбірленуші Б-дан өтініш түсіп, онда істі өзінің қатысуынсыз қарауды, К-ға қояр талабының жоқтығы, себебі, келтірілген залал өтелгенін көрсетіп, оған жеңіл жаза қолдануды сұраған. Сотпен К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде оған осы бап бойынша жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз