Ағымдағы жылдың 6 қаңтар - 5 ақпан аралығында «Браконьер» және 15 қаңтар – 31 қаңтар аралығында «Киік» табиғатты қорғау акциясы жедел-профилактикалық іс-шарасының қысқы кезеңін ұйымдастыру және өткізуді қамтамассыз ету мақсатында Махамбет АПБ-нің бастығы полиция полковнигі А.Б.Закариевпен 07.01.2020 жылғы №1 санды бұйрығы шығарылды.
Осыған орай аудан көлемінде ЭГТРМ-нің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп, аңшылық шаруашылық және жайылым аумақтарында аңшыларға, оның ішінде аңшылық қаруды енгізу және шығару тәртібін және көші-қон заңнамасы талаптарын сақтау мәніне Қазақстан Республикасына аң аулау мақсатымен келген шетел азаматтарына тексеру жүргізіледі.
Сонымен қатар табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғын республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарын тексеру рейдтік іс-шаралары жүргізіледі.
Д.Расулиев аудандық ПБ-нің,
ЖПҚБ-нің учаскелік полиция пункітінде
жұмысты ұйымдастыруға жауапты учаскелік
полиция инспекторы, полиция капитаны