2019 жылы 20 тамыз айында Махамбет аудандық сотымен некені бұзу туралы 2 азаматтық істері медиация тәртібімен тоқтатылды.
Онда, азаматша А. соттан азамат А-мен некені бұзуды сұраған. Талап қоюшы өз арызында 1998 жылдан бері ортақ некеде тұратындығын және кәмелетке толмаған бес балалары бар екендігін көрсеткен. Істі қарау барысында сотта тараптар медиативтік келісім жасап, аталған келісімде талап қоюшы некені бұзуға өтініш білдірмейді және жауапкермен отбасын сақтап қалуды, ал жауапкер өз кезегінде жұбайына сыйластық танытуға және жауапкершілікпен қарауға, отбасына көңіл аударып, балаларының тәрбиесімен айналысуға міндеттенді.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім сот медиациясын жүргізу тәртібімен бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. Екінші іс бойынша, талап қоюшы 2004 жылдан бері некеде тұрғанын айтып, ортақ некеден 3 балалары бар екенін, мінездерінің жараспауына байланысты жауапкермен некені бұзуды сұраған.
Істі қарау барысында сотта тараптар медиативтік келісім жасап, аталған келісімде талап қоюшы некені бұзуға өтініш білдірмейді және жауапкермен отбасын сақтап қалуды, ал жауапкер өз кезегінде жұбайына сыйластық танытуға және жауапкершілікпен қарауға, отбасына көңіл аударып, балаларының тәрбиесімен айналысуға міндеттенді. Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім сот медиациясын жүргізу тәртібімен бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөзден