Әкімшілік іс бойынша айыппұл салынды

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К, 2019 жылдың 29 шілдесі күні өзінің басқаруындағы автокөлігімен Махамбет ауылы Тұржанов көшесінде орналасқан газ құбырына соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған, нәтижесінде материалдық шығын бар.

Сот отырысында К, өзінің кінәсінен жол-көлік оқиғасының жасағандығын толығымен мойындайтындығын, жасаған құқұқбұзушылық әрекетіне өкінетіндігін айтып, көлік жүргізу құқұғынан айырмай, төмендетіп айыппұл жазасын тағайындауды сұрап көрсетті. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған 35 350 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Сурет:дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT