ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС: ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ЧАТ-КАНАЛЫНДАҒЫ ЖАЗЫЛУШЫЛАР САНЫ 10 МЫҢНАН АСТЫ

Telegram қосымшасындағы «Атырау облысы әкімдігінің» чат-каналына жазылушылар саны 10 мыңнан асты. Бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Серікжан Ерментаев хабарлады.

Сондай-ақ, ол облыс тұрғындарының барлық мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынасын қамтамасыз етіп отырған осы қатынас құралының пайда болу тарихы жөнінде де айтты. - 2017 жылдан бері Атырау облысында халықпен кері байланыс жасаудың бірегей құралы - Telegram қосымшасындағы «Атырау облысы әкімдігі» чат-каналы іске қосылды. Ол нағыз демократия қағидасы бойынша құрылған – кез келген адам қосымшада тіркеліп, чатқа кіріп, өзін қызықтыратын сауалын қоя алады. Пайдаланушылардың сұрақтарына чат-каналда мемлекеттік органдардың басшылары жауап қайтарады – Атырау облысының әкімінен бастап, ең шағын елді мекеннің басшысына дейін.

Бұл идея қалай туындағаны туралы айта кетейін. Атырау облысының әкімі болып тағайындалғаннан кейін, көп ұзамай өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қарамағындағы қызметкерлердің алдына мынадай міндет қойды - халықпен кері байланыс жасаудың жаңа құралдарын енгізу. Сол кезде қолданыста болған, хат жазу, қоғамдық қабылдау сияқты тетіктер азаматттардың барлық санаттарын қамтуға мүмкіндік бермейтін еді. Ал, цифрлау деңгейінің ұдайы өсуі жағдайында бұл мәселені шешудің жаңа тәсілдері қажет болды.

WhatsApp қосымшасында баспасөз қызметі қызметкерлерінің нөмірлерінде жедел желінің ашылуы чат-канал құрудағы алғашқы қадам болды. Небары 2-3 аптада оған 1000-ға жуық өтінім-өтініштер түсті. Осыдан, қоғам жаңа шешімге дайын екенін, қолдайтынын түсіндік. Сөйтіп, 2017 жылғы қыркүйекте «Атырау облысы әкімдігі» ашық чат-каналы іске қосылды. Ал,Telegram-ды қалап алаған себебіміз – ол топқа қатысушылар санын шектемейді.

Бәрі бірдей идеяны алғаннан түсіне қоймаған шығар. Чат-каналдың басты ерекшелігі – оның анонимді түрде болуы. Әкімдіктің кеңсесіне бармай-ақ, ЭЦҚ жасамастан кез-келген адам қалаған сауалын қоя алады, бұл үшін өзінің смартфонында қосымша ашса жеткілікті.

Мемлекеттік қызметшілер канал құру туралы идеяны белсенді қолдады. Қазір, екі жыл өткесін, оның тиімділігі туралы сеніммен айтуға болады. Тұрақты кері байланыстың арқасында көптеген проблемалар тез шешіліп жатады. Ал, бұрын оған қырғын уақыт кетіп, көп күш-жігер жұмсалатын еді. Қоғамдағы ахуалды әрдайым біліп отырамыз. Қазір, негізгі каналдан бөлек, осы сияқты чаттар барлық аудандарда ашылды.

Аталмыш каналдың танымал, үлкен сұранысқа ие болуының маңызды факторы – облыс әкімі түскен сауалдарға өзі тікелей жауап қайтарады. Бір сұхбатында Нұрлан Асқарұлы өзі айтқандай, бос уақытының барлығын чат-каналдағы хабарларды тексеруге жұмсайды.

- Әркез бос уақытым болғанда, смартфонымды тексеремін, тұрғындар не жазып жатырғанын, оларды қандай мәселелер толғандыратынын қараймын. Бұл маған жағдайды жіті қадағалауға көмектеседі. Себебі, халықтың шынайы проблемаларын білу үшін үлкен жиналыс өткізудің қажет жоқ, тұрғындардың шағымдарынан-ақ көп нәрсе белгілі болады,-дейді Н.Ноғаев. Қазіргі кезде чат-каналда 10 мың адам тіркеліп, 6500-ден астам сауалдар түскен. Сіз де мына адресті пайдаланып, қосыла аласыз: t.me/akimatatyrau. Бәрі бірдей ойдағыдай бола бермес, проблемалық тұстары да кездесіп жатады. Мәселен, бірнеше қатысушыныпорнография, спам, алауыздық таратқаны, қудалау жасағаны үшін бұғаттап (блокировка) тастадық. Олардың бізге ызаланғаны анық, бірақ бассыздыққа жол бере алмаймыз. Түрлі олқылықтар болуы мүмкін, бірақ, ең бастысы, біздер ілгерілеп келеміз. Қазір чатқа күніне 30-50-ге жуық сұрақтар түседі. Олардың көпшілігі 2-3 жұмыс күні ішінде шешімін тауып жатыр. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Айта кетейін, халықпен кері байланыстың басқа де тетіктері бар. Олар туралы келесіде айтармын».

Камилла Силыбаева

Фото: Ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT