Жүлдегерлер марапатталды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай онлайн режимінде Абай оқулары өткен-ді.

Оған округтерден 11 адам қатысты. Әр қатысушы фейсбук желісі арқылы қосылып, ұлы ақынның өлеңін, қара сөзін, романынан үзінді оқып, әнін әуелете шырқады. Абай оқуларын «Өнерпаз» мәдениет үйінің әдіскері Жанерке Қадыржанқызы жүргізді.

Үш адамнан құралған әділқазылар қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын берді. Фейсбук желісі арқылы өткен Абай оқуларының 12 маусымда «Өнерпаз» мәдениет үйінде марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінде сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев Абайдың 175 жылдығы елімізде тойланып жатқанын, онлайн форматында өткен Абай оқуларына округтер атсалысқанын айтып, ризашылығын білдірді.Махамбет ауылдық округінен қатысқан Алтынзер Талғатты І дәрежелі дипломмен марапаттап, ескерткіш сыйлықтарын ұсынды. ІІ дәрежелі дипломға Гүлдана Сисенбаева(Сарытоғай), Шахризада Бағытжанова(Талдыкөл) ілікті. Жүлделі ІІІ дәрежелі дипломға Ернар Кенжебайұлы(Жалғансай) мен Бексұлтан Маратұлы(Ортақшыл) ие болды. Қалған алты қатысушы «Алғыс хатпен» марапатталды.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521