Ауданда Абай оқулары онлайн форматта өтті

«Өнерпаз» мәдениет үйінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына байланысты онлайн форматында Абай оқулары өтті.

Оған 11 адам қатысты. Қатысушылар шараға фейсбук желісі арқылы қосылып, Ұлы Абайдың өлеңін, қарасөзін, «Абай жолы» романынан үзінді оқып, әндерін шырқады. Шараның шымылдығын Ақжайық округінен қатысқан Жайнагүл Сейтқазиева бастады. Ұлттық киімде шыққан Жайнагүл Абайдың бір өлеңін мәнерлеп оқыған соң одан әрі «Абай жолы» эпопеясынан Тоғжанның бейнесін сомдағаны көкейге қонымды болды.

Ал Алғадан қатысқан Жұлдыз Құрманғалиева Абайдың 32 қара сөзін мәнерлеп оқыды. Содан «Абай жолындағы» Бөжей туралы әсерлі әңгімелеуге көшті. Ақтоғай округінен қатысқан Мүбина Ахметқалиева ақынның 21 қара сөзін мәнерлеп оқып, «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесін көз алдымызға әкелгендей болғаны. Мүбина Абай әндерінен попурри орындады.

Бақсай ауылдық округінен қатысушы Гүлбағила Шамшиден ақынның «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңін, одан әрі «Абай жолы» романының «Қайтқанда» бөлімінен үзінді оқыды. Гүлбағила шырқаған «Көзімнің қарасы» әні де ерекше атап өтуге тұрарлықтай. Есбол ауылының тумасы Аманжан Әділов Абайдың 1 қарасөзіне тоқталып, «Абай жолынан» үзінді оқыса, ал Талдыкөл ауылынан қатысушы Шахризада Бағытжанова «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін, романнан үзінді оқуымен, «Көзімнің қарасы» әнін шырқауымен есте қалды. 

Жүлдегерлер ертең яғни, 12 маусымда  марапатталады.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT