Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай мамыр айында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында қашықтықтан(онлайн) өнер байқауы өткен болатын.
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас таланттар арасынан үздігін анықтау мақсатында өткізілген аталмыш байқауға аудандық З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің қобыз сыныбынан екі оқушым қатысып, бақтарын сынаған болатын. Олар Халида Ержанова мен Ақтоты Қуанышқызы еді.
Маусым айында Алматы қаласынан байқауды ұйымдастырушы «Мереке» балалар мен жасөспірімдер өнер орталығынан қуанышты жаңалық алдым. Қобыз аспабымен байқауда бақ сынаған Халида Ержанова мен Ақтоты Қуанышқызы І орын лауреаты дәрежелерін иеленіпті.
Биылғы жылы өнер мектебін жақсы деген бағамен аяқтап отырған Халида Ержанова бұған дейін де VІ облыстық «Жадыра, жас дарын» фестиваль-конкурсына қатысып, І орынды жеңіп алған болатын. Оқушыларымның әрбір жетістігі мен үшін зор мақтаныш.
Талантты шәкірттерімнің талаптарына тек нұр жаусын деймін.
Г.Магзумова,
З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің
қобыз сыныбының мұғалімі