Жерлесіміз, айтыскер ақын Серік Қойшығұлов "Қазақ радиосының" әлеуметтік желідегі парақшасында өткен онлайн #РадиоАйтыстың жеңімпазы атанды.
Қарсыласы - ақтөбелік Марат Ахметов болды.
Онлайн сайыстың шартына сәйкес өнерсүйер қауым көңілінен шыққан ақынының аты-жөнін пікірге қалдыру керек болған.
Бір аптаға жуық уақытқа созылған дауыс беру нәтижесінде барлығы 2663 пікір есепке алынып, оның 1473-і Серікке дауыс берген.
Серікті кезекті жеңісімен құттықтай отырып, жерлесімізге шығармашылық табыстар тілейміз.
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						


