Махамбет ауданы өнерпаздары онлайн-концерттерін жалғастыруда

Халық рухани азықсыз қалмайтын түрі бар. Өйткені біраз өнер иесі онлайн концерт беруге көшті.

Наурыз айынан бастап, күні бүгінге дейін өнерлерін паш етіп жүрген өнерпаздар, ауданымыздың ән-күй өнерінің ажарына айналып, қазақ музыкасының атын шығарып жүрген таланттар. Оның ішінде ән де, күй де, көркемсөз оқу да, бишілер де жетіп артылады.

Төтенше жағдай кезінде аудан өнерпаздарының онлайн концерті жалғасын тауып,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбуктегі «Махамбет мәдениет бөлімі» парақшасында тікелей эфир ұйымдастырылып, 18 бейне онлайн-концерттер берілді. Өнерпаздар өз үйінде отырып, ән шырқап, халықтың ризашылығына бөленді.

o

Атап айтсақ, өнерпаздар Еламан Ғафуров, Перизат Жазылбекқызы, Жайлашевтар, Ұзақбаевтар, Жұмабаевтар отбасылық ансамбльдері, жалғансайлық Қайрат Жұмашев, Әзілхан Құралбай, Білім Аруева, Шыңғыс Нұрғалиұлы, Нұрболат Байахметов, ал текті сөздің төресі болып саналатын терме өнерін ұлықтап жүрген термеші-Камшат Алиева онлайн жүйесімен бабалар нақылы мен өсиетнамасынан құралған әндерді әлеумет назарына ұсынды.

qyanova110520

Жұлдыз Құрманғалиқызы, күйші, республикалық конкурстар лауреаты Сәкен Жолдасов, махамбеттік Ғасырбек Салихов пен қызы Дана Ғасырбек, бейбарыстық Динара Қуанова мен қызы Дильназ Марат, Амандық Исатай, Ерлан Базарбаев, Әли Төлеуов, Жаңабай Жайлашевтар онлайн-концерт берген болатын. Мәселен, Махамбет ауылының жастары «Біз біргеміз!», «Жайықтың толқындары», «Махамбет-құтты мекен» әндеріне видео түсірсе, Алматы қаласында тұратын жерлесіміз ҚР Халық әртісі Ғафис Есімов тілек бейнежолдауын ұсынды.

o

Сонымен қатар өнерпаздар Е.Ғафуров пен Н.Байахметовтің «Махамбет ауданының гимнін асқақтата шырқағаны көптің есінде қалды. Алға ауылының Ұзақбаевтар жанұясы, Жалғансай ауылының майталман өнерпаздары Қ.Жұмашев пен Қ.Әзілхан, Сарытоғай ауылының Жұмабаевтар ансамблі, «Нұр-Ару» би тобы, Таңдайдан Нәжімеденов, Алтыбаев, Жұмағалиев отбасылары, Жалғансай, Сарайшық, Бейбарыс, Талдыкөл, Алға, Ортақшыл, Есбол, Ақтоғай, Ақжайық, Сарытоғай ауылдарының өнерпаздары, Сарайшық ауылының 1985 жылғы қыздары, «Қазына» ардагерлер ансамблі мүшелері Ғ.Есенгужин,Ө.Тарғынбаевтар видиоларын жариялаған. Махамбет тарихи-өлкетану музейі онлайн-экскурсия өткізсе, өнерпаздар С.Құжырбаев, Н.Жалмұханова онлайн-көркемсөз оқу ұйымдастырды.

j

Ортақшылдық жас ақындар Азат Сабиров, Жайнар Ардаққызы жеке-жеке онлайн-көркемсөз оқуларын өткізді. Журналистер Одағының мүшесі, ақын Қ.Қазымбекұлының бейнежазбасы мен өлеңі де жұртшылық көңілінен шықты.

Күні кеше Алға ауылында тұратын Ұзақбаевтар ансамблі Жеңістің 75 жылдығына байланысты онлайн-концерт берсе, халықаралық, республикалық конкурстар жеңімпазы, талантты жезтаңдай әнші Әли Төлеуов те Жеңіс күніне арнап, онлайн-концертін ұсынды. Сондай-ақ Бейбарыс ауылының тұрғыны Ж.Хайреденұлы да «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» онлайн-концерттік бағдарламасымен тәнті етті.

o

Аудан өнерпаздары жұмысқа келіп-кету шектелгенімен осындай жүйе арқылы көпшілікпен байланыс орнату жолымен, өз шығармашылықтарымен бөлісіп жатыр.

Осындай қиын-қыстау күндері елдің рухын көтеріп, қолдау көрсеткен өнер иелерінің әрекетіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Мәдениет үйі өнерпаздары ұйымдастыратын онлайн концерт алдағы уақытта да жалғасады.

Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын, Біз біргеміз!

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521