Жақында облыстық Дін істері басқармасы және «Иманғали» орталық мешітінің бірлесіп ұйымдастыруымен Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын еңбектерін дәріптеу мақсатында сайыс өтті.
Мақсаты - өңір жастары мен мешіт жамағаты арасында Абай ілімін меңгеруге ынталандыру, имани құндылықтарға баулу болды. Сайысқа Атырау облысына қатысты аудандардан барлығы 18 адам қатысты. Шара 3 бөлімді қамтыды.
Осы сайыста жылдам әрі дұрыс жауап беру арқылы ең көп ұпай жинаған қатысушы жерлесіміз Сейітжан Құжырбаев жүлделі І орынды жеңіп алып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар тағы бір жерлесіміз Құндыз Киікбаева да сайысқа қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
-Аллаға сансыз шүкір, облыстық Абайдың қара сөздерін жатқа оқудан үздік атанып жүлделі бірінші орын алдым. Барлығы еңбек пен жақсы дайындықтың жемісі деп есептеймін. Барша қолдау білдірген жандарға анам, отбасым, бауырым, ағайын-туыстарыма,әрқашан өнерімді қолдап келген аудандық мәдениет бөлімі және «Өнерпаз» мәдениет үйі басшылығына, әріптестеріме, достарыма, аудан жастарына және жоғарғы дәрежеде ұйымдастырған Дін істері басқармасы, "Иманғали" орталық мешітіне бек рахмет. Сайысқа қатысуға мұрындық болған Ержан Насихатұлына да алғыс білдіремін, - дейді Сейітжан Құжырбаев.
К.САПАРҚЫЗЫ