«Жайық өрнектерінің» жеңімпаздары

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері.

Осындай тамыры терең ұлттық өнерді жастар арасында дамытып, жас бишілерді қолдау мақсатында жоспарланған «Жайық өрнектері» би байқауына Махамбет ауданына қарасты әр ауылдық округтерден 10-нан аса би ұжымдары мен үйірмелері қатысты.

jai291020

Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес сюжеттік 1 қазақ биі мен 1 өзге ұлттың биін бейнешығарылым ретінде фейсбук әлеуметтік желісі арқылы өз парақшаларында жариялады. Лед-экран арқылы көрсетілген шығарылымды Шахманова Айна, Торбаева Батима, Жұмағалиева Гүлден сынды би мамандары талдады.

jai-291020

Қорытындысында жүлделі І орынды Алға ауылынан қатысушы «Көркем қыз» би тобы, ІІ орынды Ақтоғай ауылынан қатысушы «Несібелі» би тобы, үшінші ІІІ орынды Жалғансай ауылынан қатысушы «Ару-Наз» би тобы иеленді.

Ал Ақжайық ауылынан қатысушы «Қызғалдақ» би тобы мен Бейбарыс ауылынан қатысушы «Әдемі-ай» би тобы дипломант атанып, қалған би топтары «Алғыс хаттармен» марапатталды.

З.ҚАДИМОВА,

«Өнерпаз» мәдениет үйінің би жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521