«Жас талант -2019» ауданда өнер фестивалі өтті

Ауыл жастарының арасында әуесқой өнерпаз иелерін анықтап, олардың өнерге деген талпыныстарын шыңдау, мәдени-шығармашылық ізденісін дамытып, аудан сахнасына жаңа серпіліс әкелу мақсатымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Өнерпаз» мәдениет үйі ұжымдарының ұйымдастыруымен «Жас талант -2019» өнер фестивалі өтті.

Жастар жылына орай өткізіліп отырған фестивальге 18-29 жас аралығындағы ауданға қарасты Ақжайық, Алмалы,Сарайшық, Жалғансай, Бақсай, Сарытоғай, Ақтоғай және Махамбет ауылдық округтерінен көптеген жастар қатысып, бақ сынады.

5

5

5

Жас таланттар вокал, аспапта өнер көрсету, сахналық қойылым және оригиналды жанр сынды төрт кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Олардың өнерлеріне аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ақөрік Хайролла, З.Ещанова атындағы өнер мектебінің мұғалімі Бибігүл Нәбиева, «Өнерпаз» мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Дана Ғасырбек қазылық етті. Алғашқы «вокал» кезеңінде ерекше өнер көрсеткен Бақсай ауылдық округінен қатысушы жастар квартеті халық әндерінен попурри орындап, әділқазы алқасының ең жоғарғы ұпайын еншіледі. «Аспапта орындау» деп аталатын екінші кезеңде Махамбет ауылдық округінен қатысушы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жастары атақты күйші Құрманғазының «Адай» күйін үш аспапта заманауи нақышта орындап, бұл кезең бойынша үздіктер қатарына ілікті. Қатысушыларға үшінші кезеңде 4-5 минуттан аспайтын сахналық қойылым көрсету тапсырмасы жүктелді. Қысқа да нұсқа, мәнді де мағыналы қойылымдар арасынан «сахналық қойылым» номинациясын қуыршақ театры стилінде «Менің атым Қожа» повестінен үзінді дайындаған Ақтоғай ауылдық округі жастары иеленді.

5

5

5

Фестивальдің «Ориги налды жанр» деп аталған соңғы кезеңінде өнер көрсеткен Сарайшық ауылының жастары Н.Яроллаев және Р.Сұлтанбекұлы «Робот» пантомимосын орындап, үздік деп танылды. Шараны қорытындылаған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев жеңімпаздарға «Алғыс хат» пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Б.Сапарова

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521