Төрт команда ақтық кезеңге өтті

Кеше «Өнерпаз» мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Бибі Саз» жастар ұйым, қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық КТК ойындарының ширек финалы өтті.

Оған Махамбет ауылдық округінен «Ағелеуов құрамасы» және «Шонаев жастары», Бақсай ауылдық округінен «Ахмедияр жастары», Жалғансай ауылдық округінен тәжірибелі команда «Танылмаған таланттар», Алға ауылдық округі «Алға жастары» және Бейбарыс ауылдық округінен «Бейбарыс жастары» командалары қатысып, өзара бақ сынады.

1

Аталған сайысқа «Сағыз» командасының мүшесі Азамат Қадіров, Жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Дүйсембиев пен Махамбет ауданы КТК ойындарының редакторы Бағдалмаут Файзуллаевтар әділқазылық етті.

Сайыс сәлемдесу, жамбы ату, сұрақ-жауап (көрермендермен) сынды 3 кезеңнен тұрды. Сәлемдесу кезеңі бойынша «Танылмаған таланттар» Жалғансай ауылдық округі жоғары ұпай жинаса, жамбы ату, сұрақ-жауап кезеңдерінде барлық команда ұпай жағынан тең түсті.

Әділқазы алқасының шешімімен қазан айында өтетін ақтық кезеңге 4 команда жолдама алды. Атап айтсақ, олар: «Ағелеуов құрамасы», «Ахмедияр жастары», «Шонаев жастары», «Танылмаған таланттар» командалары. Жастар жылына орай өткізіліген шараға қолдау білдіргені үшін ұйымдастырушылар «Өнерпаз» мәдениет үйінің басшысы С.Қойшығұловқа және ұжымына алғыстарын білдірді.

Б.Мәлікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521