Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен өткен жылы шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған болатын.

Екінші мәрте аталып отырған мерекеге орай ауданымызда «Домбыра – қазағымның қазынасы» атты Зәмзәм Ещанова атындағы аудандық өнер мектебі «Атамұра» ұлт-аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды.

d

d

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Светлана Аманшиева жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Бұдан соң кезек сахна төріне жайғасқан «Атамұра» оркестріне берілді. Рамиль Елемесовтың дирижерлығымен оркестр күй өнерінің алыптары Құрманғазы, Дина, Сүгір, З.Ещанова, Қ.Ахмедияровтардың күйлері мен И.Тамариннің «Музыкальный привет» әнін ұлттық аспаптарда күмбірлетті.

d

d

Е.Үсеновтың «Кербез сұлуын» Дильназ Ерлібекқызы жетіген аспабында орындаса, халық термесін әнші Камшат Әлиева, Ә.Бейсеуовтың «Маралдым» әнін Н.Жантөрин атындағы облыстық филамонияның әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Ханзада Сақыпова шырқады.

Шара соңында оркестр ұжымына аудан әкімінің "Алғыс хаты" мен ескерткіш сыйлық табысталды.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT