Тіл тағдыры өз тағдырымыз

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бағдар» Жолдауында «Мәңгілік ел-елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» екенін атап көрсетеді.Осы идеяны жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің маңызы зор.

Тәуелсіздік алған соң ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды. Ондағы талаптарды орындау мақсатында іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді. Қазір мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары, заңдылық деңгейде өз орнын алады. Оған талас жоқ. Бірақ мемлекет тілінің қоғамға дендеп енуіне өзіміздің тарапымыздан салғырттық бар. Себебі, балаларымызға тілдің қадірін әлі толық жеткізе алмаудамыз.

Барлық мәселе отбасындағы тәрбиеге байланысты. Ел ертеңгі ұрпағымызға мемлекет тілінің мән-мағынасын ұғындырып, осы тілде сөйлесек, айтып отырған жағдай түзелер еді. Елбасы бұл тұрғыда тайға таңба басқандай етіп: «Туған халқымыздың өзі тұтас ана тілімізде сөйлеп, оның қолданыс аясын кеңейтуге білек сыбана кіріскенде ғана мемлекеттік тілдің тұғырын берік әрі орнықты ете аламыз» деген жоқ па? Біз өзге елдің тілін меңгеруден де қашпауымыз керек. Себебі, бұрынғы даналар «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген. Тек, ана тілімізді өзге тілдер тасасында қалдырмасақ болғаны. Сондықтанда да, әр азамат өз ортасында мемлекеттік тілдің құрметін арттыруға әрдайым атсалысуы керек.

Мәселен, бала ата-анаға қарап өседі. Олар ылғи да халқымыздың бай тілінде сөйлесе, бұл жас жеткіншек үшін үлкен тәрбие. Мемлекеттік тілде сөйлеуді, күнделікті тірлікте қолдануды әрбір адам өзінен бастаса, сонда ол өмір тынысына айналады. Мұны айтып отырғанымыз, тіл мәселесінде мемлекеттік мәртебе алумен іс бітпейтінін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Тілдің қолданылу аясын кеңейту, ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және тағы басқа проблемалар әлі өзектілігін жоймауда. Мемлекет тарапынан қазақ тілінің мемлекеттік деңгейдегі міндет ретінде ресми және заңдылық жағынан толық мойындалуы үшін түрлі шаралардың қолға алынуы көңілге қуаныш ұялатады.

Мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып, олардың аясында мемлекеттік бағдарламалар дайындалды. Сол бағдарламаларды жүзеге асыру жолында сан алуан іс жасалуда. Республика соттарында судьялардың 80 пайызға жуығы қазақ тілін еркін меңгерген. Сот төрелігі мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асырылуда. «Көш жүре түзеледі» деп халқымыз айтпақшы, бұл ел соттарындағы мемлекеттік тіл деңгейінің жылдан-жылға жоғарылауына сеп болады.

Қазақ халқы «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегенді тегін айтпаса керек. Осы қағиданы берік ұстанып, әрбір іске жұмыла кірісетін болсақ, мемлекеттік тілдің мәртебесі одан әрі артады.

Э.НИЯЗОВА, Махамбет аудандық сотының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521