Музей қорына сыйлық ұсынды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Сарайшық ауылында туып-өскен көнекөз қариялардың басын қосып, ашық жарқын сұхбат құрды.

Киіз үй төрінде өткізілген сұхбатта ауыл шежіресі, елдің-жердің тарихын қариялар аузынан естіп, бірталай мәліметтерге қанықты.

Кездесуге қатысып, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғаған ақсақалдар Естұрғанов Сапарғали, Амиров Қабыржан, Наушабаев Ибатолла, Ақтөреев Оңай, Естұрғанов Жұмабай, Таупов Рауль, Мұхитов Зейнолла алқа-қотан жайғасып, емін-еркін сұхбат жасады. Сарайшық қаласы орнының зерттелуі, ХХ ғасырдағы Жайық өзені арнасының құбылуы, тасуы мен тартылып суалуы, табиғаттың басқа да өзгерістері туралы әңгімелер айтылды. Сарайшық мектеп музейінің алғашқы құрылу кезінен естеліктер, табылған жәдігерлер туралы қызықты оқиғалар еске алынды. Ауыл маңының ой-қыры, төбешіктері нақтыланып, топономикасы, ұмытылып бара жатырған атауларын жадымызға жаңғыртты.

m

Кездесу үстінде Амиров Қабыржан атамыз өзінің апасы осы күнге дейін сақтап жеткізген, шешесінен мұра боп қалған, ноғай ұлтының этнографиялық жәдігерлері – кестелі орамал мен әйел адамдар ұстаған өрнекті қолдорбаны музей-қорық қорына сыйға тартты.

Өз тілшіміз

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика