Өнерлі өрге жүзер

«Өнерпаз» мәдениет үйінде өткен мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев әріптестерін төл мерекемен құттықтап, толайым табыстар тіледі.

Ол одан әрі бөлімнің атқарған жұмыстарына тоқталды. Облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хатына» Б.Хайдарова(Бақжайық м/ү), Н.Жалмұқанова(Сарытоғай м/ү) ие болды. Бөлімнің «Алғыс хатымен» Г.Керешева, З.Хайрошева, Ғ.Салықов, Т.Паңгерей, А.Жұмалиева, Г.Меңдігереева, Л.Дармурзина, К.Әлиева, Н.Хамзина, А.Өтепкереева, Г.Шаяхметова, Ж.Төлешова, А.Мурсалимова марапатталса, өнерге үлес қосқан ұйым-мекемелер де марапаттан құр қалмады. Ол ұжымдар қатарында облыстық көмекші мектеп-интернаты, Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Д.Төленов мектеп-интернаты, «Шолпан», «Алтын-Ай», «Жауқазын», «Нұршуақ», «Алтын балық» бөбекжайлары бар.

Сондай-ақ, аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Фируза Арыстанғалиева да мәдениет қызметкерлері З.Хадимова, Э.Файзуллаева, Ж.Қадыржанқызы, Б.Нұрғалиевті мәслихат хатшысының «Алғыс хатымен»,«Өнерпаз» мәдениет үйінің директоры Серік Қойшығұлов өнерге сүбелі үлесін қосып жүрген жастар Д.Қабижан, Г.Губайдуллина, Д.Қуанова, Г.Шамшиден, С.Құмашева, О.Сапарова, И.Атшыбаев, Г.Рақымғалиева, Ғ.Файзуллаев, А.Ахметова, Қ.Есмуханов «Алғыс хатқа»,аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Бекболат Сегізбаев та мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, өнерімен ерекше көзге түсіп жүрген талантты жастарды- Дана Ғасырбек, Еламан Ғафуров, Жантөре Жұмабаев, Назар Айнабекті орталықтың «Алғыс хатымен» марапаттады.

Мерекелік шара барысында «Сайран» ансаблінің алғашқы құрамында өнер көрсеткен мәдениет саласының майталманы, жезтаңдай әнші Ғасырбек Салықов ән шырқап, көпке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алмалылық Алла Жакиева тыңдармандарды«Шақырады көктем» әнімен баурап алса, ал Айнагүл Ғаббасова «Әдемі» әнін тамылжыта орындады. Талантты жас әнші Дәурен Сатқан патриоттық «Алға, қазақтың жастары!» әнімен көрінді. Жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп, қошеметіне кенеліп жүрген өнерпаз Еламан Ғафуров «Дүрдараз» термесін эстрадалық ән ретінде шырқауымен есте қалды. Талантты жас Гүлфая Меңдігереева «Махаббаты қыздардың» әнін шырқағанда қол соқпаған жан қалмады. Киелі өнерде өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген жалғансайлық Қайрат Жұмашев Шәмшінің «Дүнген қызын» тамылжыта орындады.

Белгілі сазгер А.Қоразбаевтың «Туған жерім тамаша» әнін Нұргүл Жалмұқанова орындаса,ал сазгер С.Бәйтерековтің «Биле, жастық!» әнінмен Жантөре Жұмабаев көпшіліктің қошеметіне бөленді.Жігіттер триосы Еламан Ғафуров, Дана Ғасырбек, Қайрат Жұмашевтң орындауындағы әсем әнмен концерттік бағдарлама шымылдығын жапты.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521