Тәуелсіздіктің 28 және желтоқсан оқиғасының 33 жылдығына байланысты «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Тәуелсіздік-Тәңір берген тәтті сый» атты концерт болып өтті.
Белгілі айтыскер ақын А.Тұрсынбаеваның «Қазақстаным» әнін Гүлсая Меңдігереева тамылжыта шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұнан соң аудан термешісі Перизат Жазылбек домбырамен бірнеше термені төкпектеткенде залда қол соқпаған жан қалмады.

Сондай-ақ Б.Имаштың «Қазақстан-гүлстан» әнін Еламан Ғафуров пен Білім Аруеваның орындауында тыңдадық. «Еркем-ай» бишілер тобының «Шашу» биі де жиналғандарға жылылық сыйлағандай болды.


Квартеттің «Жаңа ғасыр-Қазақстан» әнімен мерекелік кеш те мәресіне жетті.
А.Текебай
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						


