«Тарихи тұлғалар жаңғырығы» кітабы жарық көрді

«Аязби» ауыл мәдениетін қолдау қоғамдық қоры, «Мерейлі мекен» журналы ұжымының ұйымдастырумен облыстық ғылыми әмбебап Қ.Сланов атындағы кітапханада Алға ауылының тұрғыны, тыл ардагері Әмірұлы Базардың «Тарихи тұлғалар жаңғырығы» кітабының тұсау кесері өтті.

Бұл кітап Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» бағдарламасына үлес қосу мақсатында жазылған. Тұсаукесер шарасына облыстың көптеген танымал ғалымдары қатысты.

w

2

Атап айтар болсақ, Қ.Жылқышиев, Ө.Әлімгереев, Б.Таубаев, Ш.Нагимов,Ә.Мұхтаров, Ж.Мұстафин, Қ.Құлжанов, С.Алпатанов. Кітаптағы «Қоян жылғы қыс» мақаласының кейіпкері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы С.Мұқанов арнайы шақырылды.

Қатысушылар кітап мазмұнына оң бағасын беріп, кейінгі ұрпаққа берері мол деген тұжырым жасалды. Жаңа туынды автордың қолтаңбасымен кітапханаларға,оқырмандарға таратылды.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521