Auyl LIFE өнер фестивалі бастау алды

Ауданда жастар жылына орай ұйымдастырылып жатқан жобалар қатары аз емес.

Соның бірі шілде мен қазан айы аралығын қамтитын "Auyl LIFE" өнер фестивалінің жұма күні тұсауы кесілді. Аудан əкімдігі, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі жəне жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткізіліп отырған фестивальды Есбол ауылдық округі өнерпаздары бастады.

Ауыл өнерпаздарының сазды бағдарламасында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов сөз алып, фестивальдың ашылуымен құттықтады.

Алғашқы болып сахна төрінде өнер көрсеткен Есбол клубының басшысы Елжан Қамашев Қ.Алагөзовтың "Қазақ жастар" əнін орындады. Бұдан басқа Аслан Өтегенов, Роман Тұрсынғалиев, Жандарбек Абатұлы, Жаннұр Нұрымова, Мақым Орынбасаров, Еламан Ғафур, Атабек Сарғожиндер əр түрлі тақырыптарда эстрадалық əндерді, Сымбат Кенжебай халық əні "Ақ кербез" əнін орындап, халық қошеметіне бөленді.

5

5

5

5

5

5

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика мамандығының студенті Құндыз Аманқұл Мұхтар Шахановтың "Рух пен тіл" өлеңін мəнерлеп оқыса, Е. Қамашев "Көңілашар" күйін орындады. Əсем əнмен əрленген сазды бағдарлама соңында Есбол ауылдық округінің əкімі Мереке Бағытжанұлы сөз алып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Б.Сапарова

Сурет:автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521