«Auyl LIFE» Алға жастары аудан төрінде

Өткен жұмада тұсауын есболдықтар кескен «Auyl LIFE» жас таланттардың өнер фестивалін бұл аптада алғалық өнерпаздар жалғастырды.

Алға жастарының сазды бағдарламасының шымылдығын ауыл әкімі Ғабиден Әбдешов ақжарма тілегімен ашты.

-Кез келген елдің, халықтың тарихы, шежіресі болатыны сияқты әр ауылдың өзіндік өмір жолы бар. Алға ауылы өткен ғасырдың 20 жылдары Жайық жағасынан алғашқы үй тұрғызған азаматтың атымен Құлтай ауылы болып аталған. Ол үйлер 1957 жылы түгелдей су астында қалып, тың жерден Алға ауылы болып бой көтерді. Сол жылдардан кейін болыс, ауылдық кеңес 1994 жылы Алға ауылы болып құрылды. Бүгінде бұл ауылда халық саны 2150 адамға жетті. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастыруда. Олай болса Алға ауылы жастарының өнер фестиваліне қош келдіңіздер! – деген ауыл әкімі жас таланттарға сәттілік тіледі.

6

6

6

6

6

Сахнаға алдымен «Туған жер» әнімен Н.Әбішева көтерілді. Келесі кезекте Республикалық көркемсөз оқушылар байқауының бас жүлдегері Е.Баймұханов «Болашақтың бастауы» өлеңін нақышына келтіре оқыды. Н.Мұстафа «Қазақ биін» , «Көркем қыз» би тобы ретро қазақ әндеріне флеш мобты мың бұрала билеп, көрермен қошеметіне бөленді. Ж.Құрманғалиқызы «Балбырауынды» балбыратса, Қ.Сұлтанқызы халық термесін әуелетті. Д.Оразымбеков кабера кларнетте «Көк аспан» және «Елигай» әуендерін ойнатты. Жастардан құралған көңілді тапқырлар тобы өздері дайындаған әзілдерін ұсынды. О.Сапарованың орындауындағы «Сайра, бұлбұлым», Ж.Құрманғалиқызы мен Д.Жұмашеваның орындауындағы «Тәуелсіз қазақ елі», И.Амировтың орындауындағы «Бір үйдің баласындай» әндері де жұртшылық көңілінен шықты.

Б.Сүлейменқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521