«Өнерпаз» мәдениет үйінде «Тәуелсіз елім-тұғырың сенің биікте!» өнер фестивалі одан әрі жалғасты.
Әділқазылар алқасы Талдыкөл мәдениет үйі өнерпаздарының өнерін онлайн тамашалады.
«Сарыжайлау» әнінен соң Н.Жолдыбаева ұлттық киімде шығып, «Тек Алға» әнін шырқады. Домбырамен шыққан А.Ерғалиева «Туған жер» әнін орындаса, Н.Искакова «Мәншүктің монологін» оқуға кірісті.
Ал Н.Жолдыбаева «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ауыл өнерпазы С.Иманғазиев «Аманат» әнімен көрінді. Сондай-ақ А.Ерғалиева «Ауылым», Н.Жолдыбаев «Атамекен» әндерін шырқады. Шара соңын Н.Искакова «Әнұран, Елтаңба» әнімен жапты.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА