“Ou Art” - атыраулық қылқалам шебері Ғани Көбей ойлап тапқан сурет өнеріндегі жаңа бағыт осылай аталады.
Жаңалығы сол - өнер иесінің әр картинасын көрермен белгілі бір музыканы тыңдап тұрып қарауы тиіс.
- Автор өз туындыларын “бейсана айнасы” деп атайды. Оның картиналарынан өзіңізді, жан-дүниеңіздің әлдебір қуыс-қалтарыстарын көруге болады, - дейді, суретші туындылары қойылған “AitGallery” галереясының иесі Кенжебек Айтқожин.
Кенжебек Айтқожинның айтуынша, Ғани Көбейдің жаңа өнерінің көрмесі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында өтіп, келушілердің ықыласына бөленген.
Енді, атыраулық өнерсүйер қауым да өз жерлестерінің жаңа өнеріне баға бере алады.