Нью-Йорк әуежайында Димашты атақты америкалық спортшы қарсы алды

Джон Кеннеди атындағы әуежайда қазақстандық орындаушының жүздеген жанкүйері жиналды.

Олар әртісті қолдарына гүл, Қазақстан туы мен әншінің портретін ұстап қарсы алды. Қарсы алушылар қатарында спортшы, америкалық футбол командасының танымал ойыншысы Русти Рассел де болды.

Спортшы сүйікті әншісін көріп, онымен амандасу үшін әуежайға арнайы келді. Бұған қоса, Русти Рассел Димашқа доп сыйлады.

d

Қазақстандық орындаушының көптеген жанкүйері Димашпен кездесіп, онымен естелік суретке түсу үшін әуежайға алыс жол жүріп келген екен. Әнші бірнеше сағат ұшып келгеніне, шаршағанына қарамастан әр жанкүйер үшін уақыт тапты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521