«Елсананың» жазба ақындар мүшәйрасы

Махамбет ауданында тұңғыш рет аудандық балалар кітапханасында «Ақ желкен» шығармашылық орталығы «Елсана» клубына қарасты «Әлібек» ақындар алаңы ұйымдастырған поэтикалық дуэль болып өтті.

d

Бұл жыр алаңындағы жазба ақындар мүшәйрасына 14-24 жас аралығындағы тоғыз жас ақын қатысты. Ақындарға «Елсана» клубының мүшелері тіл маманы М.Мұхамбетқалиева, Журналистер Одағының мүшесі Т.Наурызәлі, әкелер алқасының төрағасы М.Абулхайыров, ақын, «Әлібек» ақындар алаңының жетекшісі А.Кемалиева қазылық етті. Тоғыз жас ақындар атап айтсақ, Бекторы Елжанқызы, Әнуарбек Қанатұлы, Баймұханов Ерлан, Үмбет Дильназ, Айжан Құбайденова, Арайлым Парух, Ақерке Қуаныш, Сауле Зейнетоллақызы, Жайнар Ардаққызы ортаға шақырылып, көпке таныстырылды.

d

Алғаш сөз алған «Елсана» клубының мүшесі, әділқазы Мәлік Мақсотұлы сайыскерлерге шығармашылық шабыт, толайым табыс тіледі. Сайыскерлер жеребе суырып, реттік нөмірін білді. Мүшәйраны алғаш боп Бекторы мен Арайлым бастады. Бекторы «Ақын қыз» өлеңін жыр падишасы Фаризаға арнауын оқыса, студент Арайлым «Жамылып алып, дерттің түндігін», «Өлеңім» өлеңін мәнерлеп оқыды. Бейбарыс ауылының тумасы Айжан Тұрарқызы «Самалында қалқыған қауырсын жыр», «Көктем» өлеңдерімен көрінсе, Ануарбек «Желтоқсан ызғары ұмытылмайды», «Мектебім» өлеңдерін оқыды. Алға ауылынан келген Ерлан «Түсінбедім», «Қазақ қалай өседі?» өлеңдерін ұсынса, жыр сүйер қауымға Қ.Ахмедияров мектебінің оқушысы Дильназ Үмбет «Тәуелсіздік», «Ұмытқанмын» өлеңдерін оқығанда зал іші сілтідей тынып қалыпты. Одан әрі Сауле «Тәуелсіздік», «Өмір» өлеңдерін, ал Ақерке «Бұл өмірде адам бол», «Көктем» өлеңдерімен танылды. Жыр сүйер қауым Каспий өңірлік қазіргі заманғы колледжінің студенті Жайнар Ардаққызының «Өмір», «Жек көрумен сүюді қатар алып» өлеңдерін де сүйсіне тыңдады.

dodabaiqay5

Әділқазы мүшесі, ақын А.Қылышқызы бірінші турдан екі қатысушы Бекторы Елжанқызы мен Ақерке Қуаныш шығып қалғанын хабарлады. Екінші турға 7 ақын қалып, олар рухты тақырыпты қозғады. Сарайшық ауылының тумасы Арайлым Парухтың «Батыр Махамбет», «Тастанды» өлеңдері жақсы шықты. Алмалылық Сауле Зейнетоллақызы «Махамбетке арнау», «Салт-дәстүр» өлеңдерін оқыса, Айжан «Алаш деп өткен арыстар», «Таптатпа, намысыңды! » өлеңдері патриоттық тақырыпты қозғады. Ақжайық ауылының тумасы Ануарбек «Махамбетке арнау», «ҰБТ дүрбелеңі»(2010) өлеңдерін оқыса, алғалық Ерлан «Қазақ тілі», «Жемқорлық» өлеңдерімен көрінді. Таңдайлық Дильназ «Махамбетке», «Қадыр түні» өлеңдерінің әп-әсем екенін байқатты. Жайнар «Өзіме айтам», «Дейді әжем» өлеңдері көпке жылылық сыйлағандай болды.

b

Екінші айналымнан Арайлым мен Ануарбек шығып қалды. Үшінші турда Сауле «Денсаулық», ал Айжан «Менің түсім» өлеңдерін оқыса, Ерлан «Анашым», Дильназ «Жастыққа» өлеңімен шықты. Жас ақын Жайнар «Он үшім» өлеңін мәнерлеп оқуымен есте қалды. Төртінші тур қазылар тапсырмасына сай демде өлең құрастырып, шығаруы тиіс. Жазба ақындарға «Әке, сен өлеңімнің тұнығысың» деген тақырып ұсынылды. Жас ақындар өлеңін шығарып жатқанда әділқазы мүшесі, ақын А.Қылышқызы өзінің «Әке», «Ана» деген өлеңдерін оқыды. Соңғы турда Ерлан «Әке, сен өлеңімнің тұнығысың!», ал Айжан «Әкеге деген сағыныш» өлеңдерімен танылды. Сауле «Әкеге арнау», Дильназ «Әкеме», Жайнар «Әкеге» өлеңдерін оқып, жиналғандарды тәнті етті. Ақын, ардагер-ұстаз Ә.Молдашев өзінің «Қазағым менің осындай» өлеңін оқыса, өнерпаз Н.Баяхмет «Мен қазақпын» әнін әуелете шырқап, көпке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

baiqaydoda

Ардагер-дәрігер, Махамбет ауданының Құрметті азаматы Е.Сабиров Абайдың өлеңін мәнерлеп оқып, жыр мүшайрасын ұйымдастырушыларға, оған қатысушыларға ақжарма тілегін арнады. Үш-төрт сағатқа созылған жыр додасы да мәресіне жетіп қорытындыланды.

b

Белгілі ақын Т.Наурызәлі ақындар додасы ойдағыдай өткенінайтып өтіп, аталым бойынша марапаттады. Сонымен, Сауле Зейнетоллақызы «Халық қалаулысы» атанса, Ануарбек Қанатұлы «Рухты ақын» аталымына ілікті. Арайлым Парух «Шыншыл ақын» атанса, Бекторы Елжанқызы «Жас ақын» атанып үлгерді. Ақерке Қуаныш «Сыршыл ақын» аталымына лайық деп танылды. Жүлделі 3 орынды иеленген Ерлан Баймұхановты дипломмен марапаттады. Жүлделі 2 орынды Айжан Тұрарқызы жеңіп алса, жүлделі 1 орын Дильназ Үмбетке бұйырды. Әділқазы төрағасы М.Мақсотұлы Жайнар Ардаққызына бас жүлдені тапсырды.

b

b

Әділқазы мүшесі, тіл маманы М.Тастемірқызы көп жылдар бойы облыстық әкімдіктің тілдерді дамыту басқармасында қызмет еткенін айтып, шараны өз деңгейінде ұйымдастырған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Қырықбайқызын, аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Ш.Орынбайқызын «Алғыс хатпен» марапаттады.

b

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT