Атырау облыстық сотында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Қазақстан Судьялар Одағының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Қазақстанның халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Осы байқауға Махамбет аудандық соттың атынан Гүлшат Сағынова Мақсотқызы қатысып "көрермен көзайымы" атағымен, аудандық соттың атынан Самал Хасанова Измухановна белсенді қатысып, шығармашылық шеберлігін көрсеткені үшін "Алғыс хатпен" марапатталды.
К.Сапарқызы