Сиқырлы аспаптың құпиясын меңгерген

 Жетіген – қазақ халқының көп шекті шертпелі аспабы.

Ішекті шертпелі аспаптарға – домбыра, жетіген, шертер, қылқобыз жатады. Жетіген-жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Аспап келбеті ұзынша, жәшік тектес болып келеді. Жалпы жетіген аспабының та¬рихы тереңде жатыр. Ерекше аспап туралы аңыз да көп. Құлақ күйі асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан аспап жетіген деп аталса керек. Ауданымыздағы З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінде жетіген сыныбы бар.

Сиқырға бай жетіген сыныбында көне аспапты жетік меңгерген бесаспап маман, Д.Нұрпейісова атындағы халықтық өнер музыка академи¬ясын домбыра және жетіген мамандығы бойынша бітірген Ибрахим Сұлтанов сабақ береді. Ибрахим 2020 жылы академияны бітірісімен «Дипломмен-ауылға» бағдарламасымен Махамбетке жұмысқа келген ол өнер мектебінде еңбек еткеніне үшінші жылға аяқ басқанын айтты.

Биыл жетіген класының 3-сыныбына 5 оқушы қабылданыпты. Өзі де, шәкірттері де аудан көлеміндегі сайыстарға,фестивальдарға қатысып жүр екен. Жетіген сыныбында оқитын шәкірті Ақназар Талғатқызы республикалық дарынды балалар конкурсына қатысып, лауреат атанғанын білдік. Ақназар 2022 жылдың көктемінде облыстық конкурсқа қатысып, жүлделі 2 орын алған. Ал республикалық конкурсқа ол онлайн қатысып, бақ сынап, лауреат атаныпты. Жас ұстаз Ибрахим Сұлтанов өнер мектебінде тек жетіген ғана емес, домбырадан да сабақ береді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз