«Нұр-Ару» би тобы – Гран-при иегері

Би өнері ұлттық өнеріміздің біріне жатады.

Қазақ билерінде халқымыздың мінез-құлқы, салт- дәстүрі көрініс тапқан. Бүгінде би өнері заман ағымына сай жаңарып келеді. Ауданымызда осы өнерге қызығушылық танытып, үнемі ізденіс үстінде жүретін жастар қатары аз емес. Талантты жастардың басын біріктіріп, кәсіби деңгейін көтеру бағытында еңбектеніп жүрген өнер ұжымының бірі – «Нұр- Ару» би тобы.

«Нұр-Арудың» кішкентай бишілері аз уақыттың ішінде түрлі сында топ жарып, биік белестерді бағындырып жүр. Олардың қоржынында бидің бірнеше түрі бар. Көптеген байқауларда бағын сынап жүрген жасөспірімдер жақында Алматы қаласында өткен «Биле! Талант!» би конкурсында гран при иегері атанды. Еліміздің әр аймағынан келген өнерлі өрендер бақ сынаған додада кішкентай биші қыздарымыз намысты қолдан бермеді. Білім Рысқалиқызы жетекшілік ететін өнерпаздар әлі талай шыңды бағындыратындарына сенімді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521