Атырау қаласында өткен «Самға, әуен!» халықаралық жастар, балалар, жасөспірімдерге арналған өнер байқауында Алға мәдениет үйі жанынан құрылған «Әлқисса» домбырашылар үйірмесі бас жүлдені жеңіп алды.
Жас домбырашылар осы жылдың маусымында Астана қаласында өткен «Бала шабыты» дарынды балалар байқауында да бас жүлдемен оралған еді. Үйірме жетекшісі, Құрманғазы атындағы консерватория түлегі домбырашы Ермекова Алмагүл Сұлтанқызының айтуынша, домбыра үйірмесі Алға мәдениет үйі жанынан 2020 жылы құрылыпты. Үйірмеге қатысатын балалардың бәрі Алға ауылының балалары. Жетекшісі байқауға екі топты, «Балдырғандар» тобы мен «Ақжелең» тобын апарған көрінеді. Жалпы мәдениет үйінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінде 60 бала бар. Олар жас ерекшелігіне байланысты жеті топқа бөлінген.
Байқауға қатысқан «Балдырғандар» тобында 7-9 жас аралығындағылар болса, «Ақжелеңде» 10-14 жас аралығындағылар. Домбы¬рашы Алмагүл Сұлтанқызы Ал¬маты қаласындағы Құрманғазы консерваториясының түлегі. Бірнеше жыл Алматы қаласында тұрып, қызмет еткен ол 2019 жылы Алға ауылына көшіп келіп, мәдениет үйі жанынан домбыра үйірмесін ашқан. Домбырашының айтуынша, ауыл балаларының қасиетті домбыраға деген сүйіспеншілігі, қызығушылығы жоғары.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА