Шебердің қолы алтын

Махамбет ауданындағы «Қызғалдақ» бөбекжайының меңгерушісі Ш.Ахметованың ұйымдастыруымен бөбекжай педагогтар арасында «Шебердің қолы алтын» тақырыбында байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты — шәкірттердің шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, жаңа үлгіде технологияны пайдалана отырып, әдемілікке, сұлулыққа баулып, мамандығын таңдауға ықпал етуге және де өз беттерінше ізденіп, шығармашылық жұмыс жасауға жағдай жасап, одан әрі қарай дамытуға, сондай-ақ осындай мәдени мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмысына, қажетіне тиімді пайдаланып, сол жолда балаларды эстетикалық жағынан тәрбиелеу болды.

Байқауға меңгеруші Ш.Ахметова, әдіскер Ж.Ихсанова, есепші Н.Қашауова әділқазылар төрешілік етті. Педагог қызметкерлер қажетсіз қалған материалдардан балаларға қажетті, білім салаларына көрнекі құрал ретінде қол моторикасын дамытуға пайдалана алатын қолөнер бұйымдарын жасап, сынға түсті. Әділқазылардың әділ шешімімен саз жетекші Б.Бекімова жүлделі ІІІ орын, тәрбиеші А. Саркулова жүлделі ІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Р.Макарова жүлделі І орынды иеленді. Бөбекжай меңгерушісі Ш.Ахметова өз атынан барлық педагог қызметкерлерге алғыс хат, диплом және жүлделі орын иелеріне бағалы сыйлықтарын табыстады.

Р.МАКАРОВА, «Қызғалдақ» бөбекжайының тіл маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521