Өнерім саған, туған ел!

Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінің ғимаратында осы сала қызметкерлерінің есептік жиналысы өтті.

Жиында 2017 жыл ішінде атқарылған жұмыстар сарапталып, 2018 жылдың міндеттері айқындалды. Саланың жауапты мамандары мен ауылдық округтегі мәдениет үйлерінің директорларының есебі тыңдалғаннан кейін жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Олар: аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Тасболат Құрманов, «Алға» ауылдық мәдениет үйінің басшысы Ілес Боранбай, «Жас дәурен» ауылдық мәдениет үйінің басшысы Маншук Жаленова, «Бақжайық» ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Сара Қайырова, «Шалқыма» ауылдық мәдениет үйінің есепшісі Гүлжиян Хибашева, аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Гүлнара Есқариева, Алия Аймағанбет, Ортақшыл ауылдық кітапханашысы Алия Нұрмұханова.

Есептік жиын соңы «Өнерім саған, туған ел!» атты аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ауданымыздың мақтанышы ардагерлерден құралған «Қазына», «Сайран» вокалды-аспапты ансамбльдерінің жанды дауыстағы әндерімен басталып, Әли Төлеуов, Білім Аруева, Еламан Гафуровтардың орындауындағы музыкалық сәлемдерге ұласып, облыстық, республикалық конкурстардың жүлдегері атанып жүрген Злиха Қатимова жетекшілік ететін «Еркем-ай», «Әсем-ай» топтарының әсем биімен қорытындыланды.

АЙНҰР ҚАНАТБАЙҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521