Серік Қойшығұлов – халықаралық айтыстың жүлдегері

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген «Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық ақындар айтысына қатысқан жерлесіміз, аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінің директоры, айтыскер ақын Серік Қойшығұлов жүлделі үшінші орынды иеленді.

Серік Қойшығұлов еліміздің ақтаңгер айтыскерлері ғана емес, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен де дүлділ ақындар сынға түскен аламан айтыста, сөз саптауымен, ойлы орамдарымен озық шығып ел намысын қорғап, облысымыздың атағын аспандатып, 1 000 000 теңгені қанжығаға байлады. Жерлесімізге берілген жүлдені Қазақстан Республикасының Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова тағайындаған.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521