Ақын өлеңдерін асқақтатты

«Өнерпаз» мәдениет үйінде белгілі ақын Ж.Нәжімеденов шығармашылығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы ұйымдастырылды.

Оған әр округтен 15-25 жас аралығындағы жастар қатысты. Қатысушылар Жұмекен ақын өлеңдерін жатқа оқып, тыңдарман қауымға ақынның прозасынан үзінділер ұсынды. Жұмекен ақынның «Естайдың әні Қорлан», «Шындық немесе кесілген бұрым», «Сарыжайлау», «Бір үзім нан», «Ән бұлағы», «Солай, ұлым!», «Ана», «Кішкентай», «Біз өзіміз», «Ей, жас өмір!», «Өмір», «Ақ шағыл», «Хат тасушы» атты өлеңдері мен прозалық әңгімелері жастардың аузымен жырланды. Аудандық байқауды мәдениет үйінің режиссері Э.Файзуллаева қорытындылады. Жүлделі І орынды Б.Жолдығалиева (Сарытоғай) жеңіп алды.

Жүлдегерге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Қырықбайқызы І дәрежелі диплом мен сыйлық тапсырды. Жүлделі ІІ орынға Д. Үмбет(Бақсай а/о) пен Б. Мырзабеков(Бейбарыс) ие болды. Оларға ІІ дәрежелі диплом мен қазақтың киелі қара домбырасын зейнеткер М.Батырұлы табыс етті. Жүлделі ІІІ орынды А. Амантай(Есбол), Г. Ибрашева иемденді. Төрт қатысушы А.Жалғасұлы(Ақжайық), А.Оралбекова(Талдыкөл), І.Асхатқызы(Сарайшық), М. Елемесова (Алмалы) «Алғыс хатпен» марапатталды.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521