Тоғыз әже сынға түсті

Аудан орталығындағы «Өнерпаз» мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Әжелер отбасының берекесі» атты сайыс өткізілді.

Оған ауданға қарасты сегіз ауылдық округтен тоғыз әже қатысты. Қатысушылар өздерін таныстырып, немерелеріне бесік жырын арнап, ертегі айтып, ұлттық тағам дайындап,өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарының жасалу жолын бейнеролик арқылы таныстырып байқау шартына сай сынға түсті. Әділқазылардың шешімімен Сарайшық ауылдық округінен қатысқан Қалығыз Көшкінбаева «Бас жүлдеге» ие болып, облыстық байқауға жолдама алды.

І орын Қамажай Гайсинаға (Бейбарыс ауылдық округі), ІІ орын Болған Масалимоваға (Махамбет ауылдық округі), ІІІ орынЛида Қапиқызы (Алға ауылдық округі) мен Қалиса Махановаға (Сарытоғай ауылы) бұйырды.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521