Сарытоғайлық Төре мен Дана жүргізушілер байқауында бас жүлдеге ие болды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру, жас жүргізушілерді іздестіру және халыққа танымал ету мақсатында «Конференсье-2019» аудандық жүргізушілер байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға он төрт ауылдан қатысқан 28 үміткердің арасынан сарытоғайлық Төре Пангерей мен Дана Нығметова бас жүлдені иеленді. Шараны қорытындылаған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев жүлдегерлерді марапаттады. Жүлделі І орын Б.Сәкес пен А.Қорқытоваға(Бейбарыс) бұйырды. Жүлделі ІІ орынды Е.Оңдасын мен А.Талғат(Махамбет) жеңіп алды. Жүлделі ІІІ орынды М.Сансызбаев пен С.Гибатуллина (Ақтоғай), Т.Изимов пен А.Қадырбаев(Береке) иемденді. Алғыс хатпен Е.Қозыкешов, А.Байғалиева(Есбол), Б.Жұмағазиева, А.Киікбаева(Жалғансай), Ж.Сейтқазиева, Ұ.Әділова(Ақжайық), А.Қалабаев, Л.Апанаева(Талдыкөл), И.Боранғалиев, А.Сарғожа(Ортақшыл), Е.Баймұқанов, С.Жантыбай(Алға), А.Сәкенбай, Д.Үмбет(Таңдай), Ә.Өтебай, І.Асхатқызы(Сарайшық), М.Алдаберген, Д.Қуатова(Алмалы) марапатталды.

Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521