«Сарайшық – Қазақ Елінің астанасы»

Бүгін осындай атаумен аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен көрме болып өтті.

Аталған көрмеге 100-ге жуық жәдігер, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінен Сарайшықпен байланысты салынған 11 картина, Сарайшықтың тарихы жөнінде 6 стенд, музей қорындағы тарихи 15 кітап, 10 шақты архивтік құжаттар, брошюралар мен магнетиктер қойылды.

Аудандық мәслихат хатшысы Марат Мырзашев:

-  Сарайшық еліміздің тарихқа бай өлкелердің бірі. Еліміз бойынша 12 қорық болса, оның қатарында Сарайшықтың да маңызы зор. 1999 жылы облысқа Иманғали Тасмағамбетовтың келуімен Сарайшықтың жаңа дәуірі басталды деп айтуға болады. Одан кейін Үкімет, мәдениет министрліктерінің қолдауымен де бірқатар жұмыстар қолға алынды. Сарайшыққа тек елімізден ғана емес, шетелдік азаматтар да келеді. Сондықтан Сарайшықтың туристік орталыққа айналуы еліміз үшін маңызы зор.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Республикалық қазыналық кәсіпорнының басшысы,тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұхтар:

- Музей 2018 жылдың аяғында мемлекеттік мәртебе алды. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Сарайшық енді бұрынғыдай емес, әлем елдерінен келетін туристік орталыққа айналуы тиіс. Алла сәтін салса, облыс, аудан әкімдігі қолдауымен Жайық жағасынан 8 гектар жер алып, онда екі қатарлы сапар орталығы, оған қоса ортағасырлық қалашық салынады. Болашақта туристік орталыққа айналса қосымша жұмыс көздері ашылып, халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарады. Біздің алғашқы жетістіктеріміздің бірі археологиялық реставрациялық қазбаға тікелей министрліктен рұқсат алдық. Жақында ғана облыс әкімі Н.Асқарұлы бастаған басшылық Сарайшықта Қасым ханға арналған ескерткіш тұрғызу туралы ұсынысымызды қолдады. Бүгінде ғылыми кеңес құрылды. Енді облыс әкімі Н.Ноғаевтың төрағалығымен Сарайшықты қамқорлайтын қамқоршылар кеңесі құрылады. Сарайшықтың екінші өмірі басталды деуге болады. Сарайшықты астана еткен, қазақ елінің орталығы еткен еліміздің билеушілеріне бәріміз мәңгілік қарыздарымыз. Біздің парызымыз Сарайшықты ұлы қалалардың қатарына қосу.

Көрменің ашылу салтанатының лента қию рәсімін аудандық мәслихат хатшысы Марат Мырзашев пен еңбек ардагері Дулат Сисеновке тапсырылды. Одан әрі музей қызметкері Жанар Диярова жиналған жұртшылықты көрмемен таныстырды.

Б.САПАРОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521