Мың алғыс Қазақ халқына!

«Өнерпаз» мәдениет үйінде «Алғыс айту күніне» орай өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті. Кездесуді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев ашты.

"Махамбет ауданының Құрметті азаматы" М.Оразғалиұлы да шақырылған қонақтарды, барша махамбеттіктерді атаулы күнмен құттықтады.

Н.Аруев мерекеге орай бөлімнің «Алғыс хатымен» Д.Стамов, А.Беделов, А.Дюсупова, П.Болдырев, И.Юн, В.Федоренко, Э.Назарук, В.Шустов, В.Юн, М.Чукалин, Р.Ли, В.Юн, В.Алимова, С.Есаулованы марапаттап, бағалы сыйлықтарын ұсынды. Өз кезегінде махамбеттік атанып кеткен өзге ұлт өкілдері де қазақ халқына шынайы ризашылықтарын білдірді.

Кештің екінші бөлімі «Тапқыр достар» сайысына ұласты. Оған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Света Есаулова, ХҚКО маманы Виктория Юн, «Алтын балық» бөбекжайының тәрбиешісі Вера Алимова қатысты. Сайыс «мақал-сөздің мәйегі, сөз тапқанға қолқа жоқ, сен білесің бе? Кім көп біледі? Кім тапқыр?» сынды бес турдан тұрды. Бұл сайысты Бұлан Нұрғалиев жүргізді. Барлық қатысушылар да қазақ тіліне жетік, ұшқыр ойлы екенін аңғартты.

Аудан өнерпаздары өздері дайындаған сазды сәлемдерімен мерекенің көркін аша түскендей болды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз