Сарайшықтың тынысы ашылғандай

Жібек жолының бойына орналасқан Қазақ Елінің алғашқы астаналарының бірі-ортағасырлық Сарайшық қаласының тынысы ашылғандай.

Өйткені, соңғы жылдары көне қаланың орнын сақтап қалу, отандық туризмді дамыту бағытында мемлекеттік деңгейде мәселе көтеріліп, оң шешімін табуда. Осындай жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында құрылған «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы РМҚК құрылған болатын. Осы мемлекеттік мекеменің директоры болып тағайындалған ұлтжанды азамат, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұқтаров аймақтық БАҚ өкілдеріне арнап, баспасөз турын ұйымдастырды. Қасиетті де киелі орынға журналистерді «Атырау-Ақпарат» ЖШС-і директорының бірінші орынбасары Ысқақ Дүйсенбайұлы бастап келді. Рамазан айында сапарға шыққан қаламгерлер алдымен мұражай ауласындағы мешітке бас сұғып, аруақтарға дұға бағыштады. Кәсіпорын директоры Ә.Мұқтаров осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар, алда тұрған ауқымды мәселелер, олардың шешілу жолдары туралы да тарқатып айтты. Баспасөз турына қатысушы журналистер жаңадан қазба жұмыстары жүріп жатқан жерге барып, табылған жәдігерлермен танысты.

Толық нұсқасын Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің кезекті санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521