Газет ұжымы екінші орында

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында «Музейлік квест-3» интеллектуалды байқауы өткен болатын.

«Қазақстан Атырау», "Caspian News" телеарналары және облыстық, аудандық газет ұжымдарынан құралған командалар өзара бақ сынасты. Байқаудың алғашқы бөлімдерінде қатарластарынан оқ бойы озық шығып, ақтық кезеңге жолдама алған «Қазақстан Атырау», "Caspian News" және Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің командалары 16 мамыр күні финалдық ойында кездесті. Бұл кезеңде әр командаға белгіленген бағыттары бойынша он үш тарихи ескерткіштерді табу жүктелді. Команда мүшелері күннің аптап ыстығына қарамастан, бір ескерткіштен тапсырма алып, екінші ескерткішке қарай жүгіре жүріп, тартысты да қызықты ойын көрсетті.

Байқау қорытындысымен 1 орынды «Қазақстан Атырау» телеарнасы, ІІ орынды Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеті, ІІІ орынды "Caspian News" телеарнасы ұжымы иеленді. Командаларды марапаттау 18 мамыр күні «Музей түні» шарасы аясында өткізілетін болады. Атырау музейі ұжымына көп-көп рахмет айтамыз.

«Жайық шұғыласы» газетінің командасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521