Сарайшық салтанат құрады

Қазақ хандығының алғашқы астанасы, қойнауы құпияға толы сырлы Сарайшық шаһары, біздің басты рухани құндылығымыз екені ақиқат.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясының» ортасынан ойып тұрып орын алған көне шаһар көп зерттеуді қажет етеді. Жыл өткен сайын Жайықтың суына жұтылып жатқан жәдігерлерімізді сақтап қалу мақсатында, облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының қолдауымен жергілікті қазынадан қомақты қаржы бөлініп, жағаны бекіту жұмыстары басталған болатын. Елорданың мерейлі мерейтойы қарсаңында осы ауқымды жұмыс аяқталып, салтанатты түрде ашылуы өткізілді.

 Жағалаудың лентасы қиылды

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев аудан тұрғындарын атаулы күнмен құттықтады. - Сарайшық – сақтап қалуды қажет ететін тарихи орын. Өйткені, жеті хан жерленген қасиетті жерде әлі зерттелмеген көптеген жәдігерлеріміз жатыр. Қала қойнауындағы құпия болып жатқан құндылықтарымызды жарыққа шығарып, кейінгі ұрпаққа сол күйінде жеткізу біздің басты міндетіміз болып саналады. Бүгін 2016 жылы басталған жағаны бекіту жұмыстарының аяқталғанына куә болып отырмыз. Қазақстандықтар үшін маңызды мереке-Астананың 20 жылдығында жұмыстың аяқталғаны да жақсылықтың нышаны. Жібек жолы бойында орналасқан бұл көне шаһар енді туристік орталыққа айналады, – деген Әлібек Нәутиев одан әрі ауыл ақсақалы, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Махамбет ауылы бойынша сарапшысы Асқар Құрманбаевпен бірге нысанның лентасын қиды. Сарайшық ауылдық округі әкімі Жұлдызбай Тоқабаевтың айтуынша жағалауды бекіту жұмыстарына 1,7 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Тапсырыс беруші – «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ, бас мердігері - «Компания АИС-Астана» ЖШС. Екі жыл ішінде құрылысшылар биіктігі 3,6 м, ұзындығы 1,5 м қорғаныс бөгетін салған. Жағалау тіреуіш негізі бар сүйеп тұратын монолитті қабырғамен бекітіліп, баурайлары темірбетонмен қорғалған. Баспалдақтар және қоршаулармен де қамтамасыз етілген.

Асқар ҚҰРМАНБАЕВ, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Махамбет ауылы бойынша сарапшысы:

-Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында елімізде ауқымды шаралар іске асуда. Соның бірі мәдени мұраларымызды жарыққа шығару, қалыпқа келтіру, елге насихаттау болып отыр. Сарайшық - біздің қазақ мемлекетінің алғашқы астанасы. Соңғы кезде Сарайшық елді мекенін қалпына келтіру бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Соның бір көрінісі бүгінгі жағалаудың ашылуы. Жасыратыны жоқ, жағаны бекіту идеясы 1995 жылдары басталған болатын. Бірақ қаражаттың жоқтығына байланысты осы күнге дейін шешімін таппай келіп еді. Енді міне, облыс басшысы Нұрлан Асқарұлының қолдауымен, мемлекет алдына үлкен мәселе қылып қоюының нәтижесінде қомақты қаражат бөлініп, үлкен шара іске асты. Мұның құндылығы сол біздің жылма-жыл Жайық өзені тасығанда суға кетіп жатқан жәдігерлеріміз енді сақталатын болады. Бұл игілікті іс мәдени мұраларымызды кейінгі ұрпаққа жеткізуге, жинақтауға толық мүмкіндік береді деп есептеймін.

Керемет кешен бой көтереді

Өткен жылы халыққа есеп беру жиынында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының сапар орталығының құрылысы биыл басталатынын айтқан болатын. Сарайшықта қазіргі заманға сай барлық жағдай жасалған кешен бой көтереді. Кешенде әкімшілік үйі, қонақүй, шаруашылық-тұрмыстық үйі секілді бірнеше ғимарат салу жоспарланған. Екі қабатты әкімшілік ғимарат ішінде экспозициялық көрме залдары, қор қоймасы, конферен- цзал, зертханалық және қалпына келтіру үй-жайы, кітап қоймасы мен электронды мәліметтер базасы бар кітапхана орналасады. Арнайы алаңдар, ашық аспан астындағы музей мен этноауыл да тарихи орынның мән-маңызын арттыра түсетін болады. Баян СҮЙЕУОВА.

Қазба жұмыстары жалғасады

«Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығының қызметкері Молдаш Бердімұратовтың айтуынша, кешенді тамашалау үшін жылына 15 мыңға жуық адам келеді екен. -Сарайшықтың орнын сақтап қалу көп жылдардан бері көтеріліп, бірақ шешімін таппай келе жатырған үлкен мәселе болатын. Облыс басшысы Нұрлан Асқарұлының жігерлі жұмысының нәтижесінде бұл мәселе біртіндеп шешіліп келе жатырғаны қуантады. Жәдігерлерді су шайып кетуден қорғайтын жағалау қорғанының салынуының өзі үлкен іс. Тарихи орында тарих ғылымдарының докторы, археолог Зейнолла Самашевтың ғылыми жетекшілік етуімен қазба жұмыстары жалғасуда. Қазба жұмыстары кезінде көптеген құнды тарихи мұралар мен адам сүйектерінің қалдықтары шығып жатыр. Сүйектер арнайы зерттеулер жүргізілген соң, сызбалары сызылып алынғаннан кейін жиналып, ауыл маңындағы бейітке қайта жерленуде. Зерттеу нәтижесінде бұл жерде мұнда орыс казактарының, ноғайлардың және 16-шы ғасырдағы қазақтардың жерленгені белгілі болды. Аяқталған қазба орындарын реставрациялануда. Ашылмай, зерттелмей жатқан тарихи мұралар әлі де жетіп артылады. Енді жаға бекітілгеннен кейін археологтардың мол мұраға кенелетін уақыты алыс емес деп ойлаймын. Музей қорындағы қала орнынан табылған жәдігерлерді көруге қызығушылық танытушылар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Алдағы уақытта бұл жерде үлкен туристік орталық ашылады деп жатыр. Осы күнді көргенім үшін Аллаға ризашылығым шексіз, – дейді М.Бердімұратұлы.

Сіз не дейсіз?

Асқар ҚҰРМАНБАЕВ, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Махамбет ауылы бойынша сарапшысы:

-Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында елімізде ауқымды шаралар іске асуда. Соның бірі мәдени мұраларымызды жарыққа шығару, қалыпқа келтіру, елге насихаттау болып отыр. Сарайшық - біздің қазақ мемлекетінің алғашқы астанасы. Соңғы кезде Сарайшық елді мекенін қалпына келтіру бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Соның бір көрінісі бүгінгі жағалаудың ашылуы. Жасыратыны жоқ, жағаны бекіту идеясы 1995 жылдары басталған болатын. Бірақ қаражаттың жоқтығына байланысты осы күнге дейін шешімін таппай келіп еді. Енді міне, облыс басшысы Нұрлан Асқарұлының қолдауымен, мемлекет алдына үлкен мәселе қылып қоюының нәтижесінде қомақты қаражат бөлініп, үлкен шара іске асты. Мұның құндылығы сол біздің жылма-жыл Жайық өзені тасығанда суға кетіп жатқан жәдігерлеріміз енді сақталатын болады. Бұл игілікті іс мәдени мұраларымызды кейінгі ұрпаққа жеткізуге, жинақтауға толық мүмкіндік береді деп есептеймін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521