Сәуленің сазды сәлемі

Аспандағы әуелеп ұшқан аққуға әнін қосқан Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісованы бұл күнде білмейтін адам кемде-кем.

Оның бір кездері арнайы шақыртумен мұнайлы астанаға қызметке орналасып, шәкірт тәрбиелеп, Жайықтың бойын әсем әнімен тербеткенін де атыраулықтар әлі ұмыта қоймаған шығар, сірә? Сол халықтың сүйікті әншісі Атырауға келген гастрольдік сапары барысында Махамбет ауданына арнайы ат басын бұрып, өнерсүйер қауымға өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды.

Сағат жарым уақыт бойы жанды дауыста ән шырқаған Сәулеге деген тыңдарман қауымның ыстық ықыласы мен қошеметтері ерекше болды. Алты алашқа аты әйгілі Мұхиттың кез-келгенге әл бермейтін, жоғары диапазонда орындалатын «Айнамкөз», «Айдай», «Зәурештерімен» басталған ән керуені Арқаның, Жетісудың, Сыр бойы әншілік мектептерінің әндеріне жалғасты. Шапқан сайын еті қызған арғымақтай сахнада бар болмысымен ашылып, жарқырай көрінген саңлақ әнші залда отырған жастардың да талғамымен санасып, эстраданың сүйемелдеуімен де бірнеше әнді тамылжыта шырқады. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісоваға аудан әкімінің атынан «Алғыс хат» тапсырып, сый-сияпатын ұсынды.

Е.Ғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521