Өр Алтайдың Оралханын еске алды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде жазушы Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы ұйымдастырылып, оған округтерден он бір қыз-жігіт қатысты.

Байқау үш кезеңнен, атап айтсақ, жазушы О.Бөкейдің прозалық шығармаларын, драмалық шығармаларын, ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқудан тұрды. Қатысушылардың өнерін саралауға төрт адамнан тұратын әділқазылар қазылық етті. Қатысушылар Ә.Демеу әйгілі жазушының «Тортай мінген ақ боз ат», Сарытоғай ауылының тумасы Ж.Дүйсенбаева «Айпара», бейбарыстық Б.Сәкес «Қасқыр ұлыған түнде» және махамбеттік Ф.Есімова мен есболдық Г.Қалыбаева, жалғансайлық А.Киікбаева, Д.Төренов «Жылымық», Сарайшық ауылының намысын қорғаған Н. Айболатұлы, ақтоғайлық С.Ғибатуллина «Апамның астауы», бақсайлық Ә.Долда «Атау кере» шығармаларынан үзіндіні нақышына келтіре оқығанына жұртшылық ду қол соқты.

Жазушының драмалық шығармаларынан орындалған үзінділер де көрермен көңілінен шықты. Байқауды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Қырықбайқызы қорытындылап, бас жүлдені жеңіп алған Б.Сәкес пен жүлделі І орын алған Ж.Дүйсенбаеваны марапаттап, диплом мен сый-сияпат ұсынды. Мемлекеттік мұрағат бөлімінің басшысы Ә.Есенғалиев ІІ орын алған А.Киікбаеваны, жүлделі ІІІ орын алған Г.Қалабаева, Ф.Есімованы(Махамбет) марапаттады. «Өнерпаз» мәдениет үйінің режиссері Э.Файзуллаева алты қатысушы Ә.Демеу, М.Алдаберген, Д.Төренов, С.Ғибатуллина, Н.Ғизатуллин, Ә.Долдаға «Алғыс хат» ұсынды. Сарытоғай ауылдық кітапхана меңгерушісі Қ.Айдарова ризашылығын білдіріп, жүлделі І орын алған Ж.Дүйсенбаеваға демеушілік көмегін ұсынды. Енді облыста аудан намысын Бекарыс Сәкес қорғайтын болады.

А.ТЕКЕБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521