Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мәдениет-ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой парасаты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», деп атап өтіп, «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті»-деді.

Ал халық даналығы «Өнер - ұлттың жаны», - дейді. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың салиқалы саясаты арқасында еліміздің мәдениет саласына үлкен қолдау көрсетілуде.

Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны - ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ міндетіміз болып табылады.

Ж.Б.Ахметов,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT