Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің 90 жылдығы тойланды

«Өңір шежіресінің сыр сандығы» атты Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің алғаш шығарыла бастағанына 90 жыл толуына орай тағылымды шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің өкілдері мен облыстық, аудандық газеттердің бас редакторлары қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді алған аудан әкімі Қайрат Нұртаев:

- Журналист – дәстүрлі қоғамдық пікір, халық бағасында мәдениетті, өнегелі, зиялы тұлға. Қасиетті мекеннің барлық тыныс – тіршілігінен, арғы-бергі тарихынан, бүгінгі келбетінен бұқараға шынайы ақпарат беріп отырған өңір жылнамасының өрлеу жолдарында редакция ардагерлерінің де еселі еңбектері, айырықша қолтаңбалары жатыр. Сіздердің қаламдарыңыздан туған әрбір мақалалар, түйткілді мәселелер оқырманға ой салмай кеткен емес, - деді.

j

Аудан басшысы бүгінгі мерейлі күні мерзімдік басылымның байырғы белсенді тілшісі, академик-жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Өмірзақ Қажымғалиұлына, газеттің І санатты тілшісі Айбек Нәжімовке Атырау облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, аудандық газеттің қызметкерлерін, әр жылдарда қызмет жасағандарды ұлықтады.

90jyl91020

Ал «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев тілегін арнап, алдымен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің құттықтау хатын табыстаса, кейін аудандық №2 баспахананың қызметкерлерін, мерзімдік басылымның ардагерлерін, баспасөзге жазылудың белсенділерін, газеттің демеушілерін мерейтойлық медальмен марапаттады. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова да онлайн байланыс арқылы өз құттықтауын жеткізді.

r

«Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупованың да мерекелік баяндамасы тыңдалып, айтулы датаға орай түсірілген бейнефильм тамашаланды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, сөз өнерінің зергерлері Өмірзақ Қажымғалиев, Таңатар Дәрелов аудандық газеттің тоқсан жыл ішінде атқарған істерін, онда қызмет жасаған аға буын өкілдерінің еңбектерін саралап өтті.

t

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521