Махамбеттік жас отбасылармен кездесу өтті

«Өнерпаз» мәдениет үйінде «Отбасы – шағын қоғам» атты жас отбасылар арасында карантин талаптарын сақтай отырып, кездесу кеші өтті.

Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйі жанындағы «Ақ Отау» бірлестігінің ұйымдастыруындағы шараға әр сала бойынша екеуі де бір салада қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер Меденов Саян мен Таңатова Перизат, өнер саласы қызметкерлері Елемесов Рамиль мен Дәрібаева Қымбат, ішкі істер бөлімі қызметкерлері Ақкөзов Ержан мен Құрмашева Райгүл, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері Құспанов Ғайнолла мен Жансая Мұқанбетова сынды жас отбасылар шақырылып, қатыстырылды.

Қазіргі жас отбасылар тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, ата-ана өнегесі, жастар сыйластығы сияқты мәселелермен қатар, толғандырып жүрген жайлар туралы қойылған сұрақтарға жауаптар алынып, көрермен арасынан пікірлер айтылды. Шараға қатысушы жас отбасылар төтесінен қойылған ситуациялық сұрақтардан да қиналмай шыға білді.

Шара ортасында бала тәрбиесі мен кәсіптік білімділігін шыңдау мақсатында ой сергіту ойыны ұйымдастырылды. «Өнерпаз» мәдениет үйінің әншісі Нұрболат Баяхметтің орындауында «Мен сіздерді жақсы көремін» әні орындалды.

Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Е.Андашев шараны қорытындылап, қатысушыларға бөлім атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT