Құндылығымыздың қаймағы бұзылмаса

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқып отырып үлкен ризашылық сезімге бөлендім.

Ғасырлардан ғасырларға жалғасып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып келе жатқан дала фольклоры мен музыкасы, қазақ халқының өшпес мұраларының бірі екені даусыз. Осындай ұлттық құндылығымызды, халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін, яғни ертегілеріміз бен аңыздарымызды, қиссаларымыз бен эпостарымызды бүгінгідей цифрлық технология заманына ыңғайлап, жас ұрпаққа жеткізу өте көрегендік деп түсінемін. Мемлекет басшысы ұсынып отырған «Дала фольклорының антологиясы» мен «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта басып шығару идеясын қос қолдап қолдаймын. Өзім де музыка саласының маманы болғаннан кейін, қазақ фольклорының тамыры тереңге жайылған, мағынасы күрделі үлкен өнер екенін жақсы түсінемін.

Еліміздің әр түкпірінде әншілік, күйшілік өнерді дәріптейтін өзіндік дәстүрлі мектептер бар. Өзім басшылық жасап отырған З.Ещанова атындағы өнер мектебі де жылма-жыл жүздеген талантты шәкірттерді тәрбиелеп шығаруда. Мұндай жинақтар басып шығарылса, өнерлі балалар үшін үлкен көмек болары сөзсіз. Халық әндері келер ұрпаққа қаймағы бұзылмаған күйінде, тарихы бұрмаланбаған күйінде жеткізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, қазақтың халық әндері бір бірін ешқашан қайталамайды. Әр әннің өзіндік орны бар. Орындалу шеберлігінде, әр қайырылымында бір-біріне ұқсамайтын элементтер болады. Бұл элементтер көзге көрінбейтін, аса бір еленбейтін болса да, әннің табиғатын, тақырыбын ашуда маңызды рөл атқарады. Жаңа жинақ жасалар кезде осы элементтердің еленбей қалып қоюына жол берілмеу керек. Дала фольклорын жас ұрпаққа осыдан мың жыл бұрыңғы қалпында жеткізе алсақ, бұл біздің ең үлкен ерлігіміз болмақ.

Эльмира ЕСПУСИНОВА,

З.Ещанова атындағы өнер мектебінің директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521